Аудан әкімі қолға түсті

07.08.2018
Қаралды: 120

Солтүстік Қазақстан облысындағы Мәмлүт ауданының әкімі Жастілек Сыздықов парамен ұсталды. Бұл жөнінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросы мәлім етті, бұған қатысты бейнежазба да жария­ланды.

 

 

Аудан әкімі қызметіне осыдан 7 ай бұрын ғана тағайындалған бұл азамат бір серіктестік басшысынан оған қолдау көрсеткені үшін 185 мың Ресей рублін алған екен. Қолға түскенде өзінің кінәсін бірден мо­йындапты, сондықтан қамауға алынбаған. Оның ісі сотқа дейінгі тергеу­ге жіберілген.

 

П.ДАРХАНБАЙ.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

 

Пікір қалдыру

1000 символ