«Үй қамағына» алынды

07.08.2018
Қаралды: 105

Қостанайда «Қазагрофинанс» акци­онерлік қоғамының басшысы ұсталды. Оның ауыл шаруашылығы тауарларын өндіретіндерден техника мен құралдарды қаржыландыру мәселесі бо­йынша қажетті шешім шығарып бергені үшін жүйелі түрде пара алып келгені туралы айтылады. Оған 1 миллион теңге алған деген күдік келтірілуде.

 

 

Бұл азамат параны өткен маусым – тамыз айларының аралығында алып келген екен. Әзірге ақшаны бірнеше мәрте, бөліп-бөліп алғаны анықталған. Бүгінде ол «үй қамағында» отыр.

 

Сондай-ақ оған пара берген серіктестік басшысы да жауапқа тартылуда екен.

 

П. ДАРХАНБАЙ.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

Пікір қалдыру

1000 символ