20 студент таппасаң, табаныңды жалтырат!

07.08.2018
Қаралды: 278

Әркім ойына не келсе соны істеген заман

 

Шымкенттегі мүйізі қарағайдай бір университетте биыл мынандай жағдай болыпты. Оқу орнында үлкенді-кішілі қызмет атқаратын жауапты мамандар­ға, оқытушыларға жазға қарай ерекше талап қойылыпты. «Әрбір адам уни­верситеттің ақылы оқу бөліміне ең кемі жиырма студент тауып әкелмесе, жұмыстан шығарылады» деген ауызша бұйрық берілген көрінеді. Яғни дуана болуың керек деген сөз ғой бұл!

 

Міне, енді жаңа оқу жылы бастал­ған кезде сол сөз іс жүзіне асырыла да бастапты. Оқу орнына 20 студент тауып әкеле алмағандар шетінен жұмыс­тан шеттетіліп жатыр деседі. Ал өйтіп-бүйтіп әлгі аталғандай, дуаналық міндетті дұрыс атқарғандар жұмыс­тарында қалыпты...

 

Бұл қандай заң сонда? Бұл не қылған тәртіп? Бұл өзі қандай ел сонда?

 

 П.ДАРХАНБАЙ.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

 

 

 

 

Пікір қалдыру

1000 символ