Браконьерді қорғап, одан «сыйлық» алып отырыпты

06.08.2018
Қаралды: 58

Атырау облысында орман шаруашылығы және жануарлар әлемі аумақтық инс­пекциясы теңіз бөлімі­нің бастығы ұсталды. Қазір оның үстінен сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүр­гізіліп жатыр.

 

Бұл адам заңсыз бекіре балығын аулаумен айналысатын азамат­қа көмек көрсетіп, оның теңізге кедер­гісіз шығуына жағдай жасап тұрған екен. Одан жүйелі түрде пара алып отырған, параның мөлшері 400 мың теңгеге жеткен, ақша жүргізуші арқылы алынып отырған.

 

Бұл азаматтардың екеуі де кінәларын бірден мойындағандықтан қамауға алынбаған.

 

Н. ӘБДІ.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

 

Пікір қалдыру

1000 символ