Бағыныштысынан 50 мың теңге сұраған

06.08.2018
Қаралды: 103

Қарағанды облыстық соты «Қарағанды – Сортировочная» станциясындағы желілік полиция бөлімі кадрлық жұмыстар жөніндегі бастығының орынбасары, подполковник Н.Сүлейменовке қатысты үкім шығарды. Ол өзінің қарамағындағы Т. есімді жас қызметкерден 50 мың теңге ақша алғаны үшін айыпты деп танылды, сөйтіп 5 жылға сотталды.

 

Н.Сүлейменов бұл сомадағы ақшаны Астанадан келетін комиссияны күту үшін қажет деп алыпты. Алдында бұған қатысты Қарағанды қаласындағы Октябрь аудандық соты үкім шығарған екен. Айыпты оған қарсы шағым түсірген. Бірақ облыстық сот бірінші сатыдағы соттың шешімін күшінде қалдырып отыр.

 

Н. ӘБДІ.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

Пікір қалдыру

1000 символ