Бас бухгалтерді қорқытып, одан 1,5 миллион теңге пара алған

06.08.2018
Қаралды: 89

Алматы облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басқарма офицері 1 миллион 500 мың теңге пара алған деген күдікпен ұсталды. Ол өз қылмысын бірден мойындағандықтан қамауға алынбаған. Қазір сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

 

 

Жарияланған деректе аталған офицердің өзгенің сеніміне кіру арқылы алаяқтық жасап, жауапкершілігі шектеулі серіктестік бухгалтерінен қомақты мөлшерде ақша  алғаны туралы айтылады. Яғни ол іске өзінің еш қатысы болмаса да бухгалтерді бюджет қаржысының талан-тараж етілгені анықталды, сол үшін қылмыстық іс қозғатамын деп қорқытып, арадағы делдал арқылы пара алған екен.

 

Н. ӘБДІ.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

Пікір қалдыру

1000 символ