«Халықтың құқықтық санасын ояту керек», – дейді заңгер, блогер, қоғам белсендісі

07.08.2018
Қаралды: 140

Қоғамдағы көптеген күрделі мәселелерге ұдайы үн қосып отыруы оның сол дүниелерге бей-жай қарамайтындығын байқатпай қоймайды. Көпшілік қауым оның кезіндегі Ресейде құлдықта болған қаракөз қыздарымыздың ісін қолға алып, оларға жанашырлық таныт­қан жанның бірі екендігінен хабардар. Қазақ қыздарының тағдырына ұдайы алаңдаушылық білдіріп жүретін жанашыр, кәсіби маман ретінде Айгүл Орынбек ханымның бүгінгі қоғам турасындағы аздаған пікірін білу мақсатында блиц-сұхбат алған едік.     

 

– Айгүл ханым, сіздің заңгерлікті таңдауыңыздың сыры неде?

 

– Бала кезімнен  заңгер болуды армандаппын. Анамның айтуы бойынша, бала жасымнан әділетсіздікке жаным қас болып, әлсіздерге көмектесіп жүреді екенмін. Заңгерлік – менің мамандығым ғана емес, бо­йымдағы туа бітті мінезім деп айтуыма да болатын шығар. Сонымен қатар, бұл мамандықты таңдауыма әкемнің де ықпалы болды деп айта аламын, себебі ол кісі бізді адалдыққа, туралыққа баулып, әрда­йым әділеттілікті талап етіп отыратын. 

 

– Өзіңіз қолға алған ісіңіздің нәтижелі аяқталуының сыры неде?

 

– Шынайы, бар болмысыңмен және жауапкершілікті жоғары сезіне отырып жасаған көмек әрқашанда жеңісін береді. Әрине, оған қоса өзімнің ал­ған білімім, саяси көзқарасым, азаматтық ұстанымым да бар. Әділдікті, адалдықты насихаттау, әділетсіздікке жол бермеу, осы аталғандардың барлығының да үлкен жауапкершілік екенін сезіну және халықты соған үндеу – заңгер ретіндегі міндетім мен борышым деп санаймын. 

 

– Осының барлығына энергияны қайдан аласыз? Шаршамайсыз ба?

 

– Адам қоғамға пайдалы іспен айналысса және оны бар жан-тәнімен атқарса, осыған қоса оның нәтижесі көңіл толарлықтай болса, шаршамайды, кері­сінше, рухтанып, шабытыңа ша­быт қосады.

 

– Қоғам белсендісі әрі заңгер ретінде не нәрсеге көңіліңіз толмайды?

 

– Жемқорлыққа, зорлық-зомбылықта жүрген әйелдер мен жасөспірім қыздардың, бейкүнә балалардың жай-күйіне, азаматтардың құқықтарының ашықтан-ашық тапталуына, олардың өз құқықтарын білмеуіне, яғни қоғамдағы құқықтық сауатсыздықтың орын алуына және басқа да азаматтық қоғамның қалыптасуына шектеу келтіретін жағдайларға көңілім толмайды.

 

– Қазақ қыздарының тағдырына да қатты алаңдаулы сияқтысыз...

 

– Қазақ қыздарының тағдырына барлығымыз да алаңдауымыз қажет, ол – үйдегі ана, жар, қарындас, қыз, келін. Халқымызда «Қызға – қырық үйден тыйым, одан қалды, қара күңнен де тыйым» деген даналық сөз бар. Қазақ қыздарының тағдыры – бүкіл қазақ халқының, ұлттың тағдыры, тәлім-тәрбиесі, болашағы. Қыз бұзылса, ұлт бұзылады. Қытайға тұрмысқа шығатын қыздардың азаматтығымен қоса, жатырын да алып тастау керек. Бақа-шаян жейтін, құмырсқадай тез кө­бейетін ұлттың текті болып ту­ылғанын қаламаймын.

 

– «Ақшасын өндіре алмай, жылап жүрген бір қазақ» деп жазасыз, сонда нені өзгерту керек?

 

– Қоғамда жүйені өзгерту керек. Азаматтық қоғам қалыптастыруда халықтың құқықтық санасын оятуымыз қажет. Әрбір азамат конституциялық құқығын біліп, талап ететін жерде талап ете білсе, құлдық санадан құтыламыз.

 

– Елімізде әділдік әрда­йым орын алуы үшін не істеу қажет?

 

– Әділдік орнатуға әрбіріміз атсалысуымыз қажет. Ол, ең бірінші, пара бермеу және алмау, онымен қоса, жаныңдағыларды сыбайластыққа итермелемеуден бастау алады деп ойлаймын. Жағымпаздық – өзіндік «меніңді» жоғалтатын ең сорақы мінез, оның астарында «көке-жәкеге» жүгіну жатыр. Адам барлық жағдайда да өз-өзіне сенуі қажет. Қазіргі жастарды білімге, ғылымға, спортқа баулу, бос уақытын пайдалы дүниелер алуға бағыттау керек. Егер жастарымыз жалындап шықса, сол тұрғыда оларға жоғарыдағылар мүмкіндік берсе, әділдік те орнайды, жүйе де өзгереді деп ойлаймын.

 

– Әңгімеңізге рахмет, ісіңіз әрдайым жеңісті болсын!

 

Сұхбаттасқан –

М. ҚҰРБАНҚЫЗЫ.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

 

 

 

Пікір қалдыру

1000 символ