Қамыр жаятын ағай (ВИДЕО)

31.08.2018
Қаралды: 277

Отбасының тату-тәтті тірлігінің бір дәлеліне айналған бұл видеоны көрмей, елемей өтіп кету мүмкін емес.

 

Қарапайым отбасы. Отағасы қамыр жайып отыр. Орта жастағы азамат бұл жұмысты кәдімгідей игеріп, меңгеріп алғанға ұқсайды. Қамырды еш қиындықсыз зуала етіп алып, тегіс те дөңгелек етіп жайып жатыр. Арасында ұн сеуіп қоюды да ұмытпайды. Ал әйелі жанында ән айтып, билеп жүр. Манты жасайтынын, күйеуінің қамыр жая алатынын айтып мақтанып та қояды.

 

- Міне, мынау менің байым – Асылбек. Қамыр жайып отыр. Манты істеп жатырмыз. Манты жейміз, құдай қаласа. Келіңдер. Менің байым сияқты қамыр жайыңдар. Байларыңа қамыр жайғызыңдар. Үйретіңдер. Менің Асылбегім қамыр жайып жатыр. Жая алады ма қамыр байларың? – дейді көңілді келіншек.

 

Ашығын айтқанда, қамыр жаю әйелдердің тірлігі дегенмен, кейбір қыз-келіншектердің біразы оны келістіріп жая алмайтыны жасырын емес. Үйрену керек! Ері мен әйелі бір-біріне осылай көмектесіп жатса, оның несі айып? Ал сіз қалай ойлайсыз?

 

Айтпақшы, сіз қамыр жая аласыз ба?

 

 

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

 

Пікір қалдыру

1000 символ