«ЖПП» инспекторы иттік жасапты

05.08.2018
Қаралды: 116

Шығыс Қазақстан облысының Риддер қалалық сотында бұрын жол-патрульдік полкінде инспектор болып қызмет еткен азаматқа қатысты сот үкімі шықты. Оған 1 миллион 924 мың теңге айыппұл салынды. Ол мұны 2 жыл ішінде төлеп құтылуы тиіс, әйтпесе басқа жаза қолданылады.

 

 

Бұл азамат жол ережесін бұзғаны себепті жүргізушілік куәлігінен айырылу қаупі төнген жанды жазадан «құтқар­ғаны» үшін одан 30 мың теңге пара алған екен. Бірақ оны місе тұтпай, әлгі адамның сыртынан, оның қатысы жоқ ереже бұзуға қатысты жалған хаттама толтырып, оған 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салған. Мұның соңы насырға шауып, іс соттан бір-ақ шығыпты.

 

Н. ӘБДІ.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пікір қалдыру

1000 символ