Полицей 19 жылға сотталды

05.08.2018
Қаралды: 162

Қарағанды облысындағы Теміртау қаласының соты 22 жастағы полиция кіші сержантына қатысты үкім шығарды. Оған адам өлтіру, ұрлық, қаруды заңсыз сатып алу, сақтау және алып жүру баптары бойынша айып тағылды.

 

 

Нұрсейіт Қалдыбаев есімді бұл азамат 38 жастағы бір адамды тапаншамен атып өлтіріп, бір ауылдың тұсына тастап кеткен екен. Оның «Тойота Камри» маркалы көлігін сатып жібермек болған. Марқұмды көлігін сатып аламын деп кездесуге шақырып, оның өмірін қиған екен. Сот кезінде өзінің бұл қылмысқа тойға қаржы қажет болғасын барғанын айтыпты. Ол өзін ақыл-есі ауытқитын адам ретінде көрсетуге де тырысқан, «Қылмысты аффект жағдайында жасап қойдым», – деген. Адвокаты да үкімге келіспей, айыптының психологиялық күйін тексертуді сұрапты. Бірақ сот қылмыскердің бұдан бұрын да тексерілгенін, бойынан ондай ауытқушылық жоқтығына көз жеткізілгенін айтып, үкімді өзгеріссіз қалдырған.

 

Н. ӘБДІ.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

 

 

Пікір қалдыру

1000 символ