Ауылдың ахуалы оңып тұрған жоқ

04.08.2018
Қаралды: 182

Ауылда бір аптада көргендерім:

 

 

1. Мектептерде – былық. Өз ауылында маман жетіп жатса да ауылдың маманын емес, көрші ауылдан жаңа мұғалім алады. Мектеп басшылығы білгенін істеп отыр. Сағатқа таласып, шырылдаған мұғалімдер.

 

2. Бір-бірінің үстінен ұйымдастырылып жатқан арыздар. Бала-бақша саламын деп біреуі жүгіреді, екіншісі бәсекелестіктің көзін жою үшін ғимарат салынатын жер жол бойына жақын деп оның үстінен арызданады. Енді басталған жұмыс тоқтап тұр.

 

3. Би қызметіне де өз адамдарын қояды. Ауылдың жасы 60-тан асқан қария­ларын емес, жасы енді 25-ке толған азаматты би етіп қойған. Ал ол азамат адам өліміне қатысты бас бостандығынан айырылған. 

 

4. Ауылда бір рулар өз-өздерімен қырылысуда. Ақыл айтар ешкім жоқ. Барды тыңдамайтын жөнсіз өскендер. Қариялары тұрып, келіндері бата бергенді де естідік. Келіндер қолынан телефон түспей, отырып алып өсек айтқаннан басқаны білмейді. Ауызбіршілік деген мүлдем құрыған.

 

5. Адамдарды атып та кетіп жатыр. Аман қалғанына шүкір дедік. Онымен құқық қорғау органдары айналысар.

 

Түйгенім: Білім сапасын қанша арттырдық дегенмен рухани тәрбиенің жоқтығы көрініп тұр.

 

Мұндаймен қалай күресуге болады? Ақыл-кеңестеріңіз болса деген оймен жазылған дүние.

 

Айша ЖАУЫНБАЙ.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пікір қалдыру

1000 символ