Семейге алғашқы қар жауды (ВИДЕО)

29.08.2018
Қаралды: 103

Еліміздің шығысындағы Семей қаласы аумағына қалыңдығы тобықтан асатын қар жауды. Ауа райы күрт құбылмалылығымен ерекшеленетін өңір үшін осының өзі таңқаларлық оқиға болып отыр. Бұрын мұндай құбылыс қазан-қараша айларында бой көрсетуші еді. Биыл күз маусымының алғашқы күнінде, 1-қыркүйекте қылаң берді. Соған қарағанда, «Кәрі құда» жолға асығып жатқан сияқты. Мұндайда бір селт етіп, отын-су жағын қамдап қойған да дұрыс-ау.

Н. ӘБДІ.

 

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

Пікір қалдыру

1000 символ