Құрылыс бөлімінің басшысын құдай ұрып қалды

03.08.2018
Қаралды: 180

Түркістан облысындағы Сайрам аудандық құрылыс бөлімінің басшысы пара алған деген күдікпен ұсталды. Бұл жөнінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының облыстық департаменті мәлім етті.

 

 

Әлеуметтік желіде бұған қатысты бейнежазба да жария болды. Онда күдіктіні екі қызметкер қолынан ұстап тұрғаны, тағы бір қызметкердің сыйлық салатын пакеттен қомақты етіп дестеленген 5 мың теңгелік және 2 мың теңгелік ақшаларды шығарып, арнайы құрылғымен тексеріп жатқаны көрінеді.

 

Жарияланған деректе күдік­тінің бір жауап­кершілігі шек­теулі серік­тестіктің өкілінен пара алу үстінде ұсталғаны туралы айтылады. Ол атал­ған серіктестіктен параны орта мектеп құрылысына байланысты жүргізілген, жалпы сомасы 400 миллион теңгеден астам қаржыны құрайтын тендерге қатысты келісім-шарт жасасқаны үшін ортадағы делдал арқылы алып отырыпты. Оған 12 миллион теңге пара алған деген күдік келтіріліп отыр.

 

Бүгінде күдіктінің және арада делдалдық еткен адамның үстінен тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

 

Н. ӘБДІ.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

Пікір қалдыру

1000 символ