Гүлісхан Үндістаннан жеңіспен оралды

31.07.2018
Қаралды: 132

Үндістанның Хайдарабад қаласында шахматтан  халықаралық турнир өтті.  Осы жарыс­та халықаралық дәрежедегі гроссмейстер, Қазақстан құрама командасының капитаны   Гүлісхан  Нахбаева 11 ойыннан 9 ұпай жинап, 1-орынды иеленді.

 

Г.Нахбаеваның жетістіктері көптеп саналады. Атап айтар болсақ, олардың бірқатары мынадай:

 

Әйелдер арасындағы Азия  чемпионатының күміс жүлдегері (Ченду – 2017), Азияның 3 дүркін чемпионы (Ташкент – 2007, Нью-Дели – 2009, Ченнай – 2010),  Қазақстанның 6 дүркін чемпионы (2011 – 2018 жылдар), Орта Азия аймағының чемпионы (Ош – 2013).

 

Ол 2011-жылы – Лондонда, 2018-жылы Мумбайда өткен халықаралық турнирлердің жеңімпазы, 2013-жылы Кипрде ұйымдастырылған халықаралық универсиаданың жеңімпазы болған.  Сондай-ақ 2013-жылы Астанада өткен командалық Әлем чемпионатында 1 тақтада 4-орынды жеңіп алған, 2014-жылы Иранда өткен Азия біріншілігінің күміс жүлдегері болған. Осы жылы Норвегияның Тромс қаласында ұйымдастырылған Бүкіләлемдік олимпиадада 6-шы орынды иеленген.

 

Ол 2015-жылы Қытайдың Ченду қаласында өткен Әлем чемпионатында 4-орынды жеңіп алған, осы жылы Алматыда ұйымдастырылған Азия кубогінің күміс жүлдегері болған. Гүлісхан сондай-ақ Еуразия кубогінің (Алматы – 2016) және Азия Ұлттық кубогының жеңімпазы (Иран – 2018).

 

А. БАЙДЫБЕКОВА.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

 

 

Пікір қалдыру

1000 символ