1560 балаға көмек берілді

04.08.2018
Қаралды: 136

Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының  Шымкент қаласы бойынша өкілдігі мен «Уақып» корпоративтік қайырымдылық қоры бірлесе отырып қайырымдылық акциясын өткізді. Оған ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкіл-имамы Бақтыбай Бейсенбаев, найб-имамдар – Мұхамеджан Естеміров, Әділхан Сертаев, Иса Яхияев, қалалық «Жастар ісі» бөлімінің жетекшісі Азамат Әбдікерімұлы,  «Зекет» қорының өкілі Айбек Әзімбаев және бір топ ата-аналар қатысты.

 

 

«Дінімізде білім алуды әрбір адамға парыз еткен. Талмай білім алуға, ата-анаға мейірімді болуға, ұстаздарыңды құрмет тұтуға, оқуда озат болуларыңа тілектеспін», – деді бас имам. Сондай-ақ ол кісі ҚМДБ-ның төрағасы Серікбай қажы Сатыбалдыұлы хазреттің бастамасымен қолға алынып отырған игілікті шараға қолдау көрсеткен барша азаматқа алғысын білдірді, оқушыларымызды оқуда озат болуға шақырып, бата берді.

 

Айтулы шара аясында көпбалалы, тұрмыс жағдайы төмен 360-қа жуық оқушыға мектеп сөмкесі, мектеп формасы, оқу-құралдары және басқа да керек-жарақ заттары үлестірілді.  Жалпы, «Мектепке жол», «Мектеп сөмкесі»  қайырымдылық акциясы барысында  Шымкент қаласы бойынша 1560 оқушыға көмек берілді.      

  

Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасы

Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

 

Пікір қалдыру

1000 символ