Бейне түскен суреттегі жұмбақ бейне

29.07.2018
Қаралды: 275

Қызым Бейне көпшілікке көріпкел, емші ретінде таныл­ған еді. Оның СПИД-тің емін тапқаны туралы кезінде ақпарат құралдарында айтылған болатын. Бірақ оның емдеу әдісі медицина мамандары тарапынан қарсылыққа тап болды.

 

Бейнеге бір тылсым күштер маза бермейді, ол о дүниелік болған жандармен тілдесе алады. Қандай жағдайда қайтыс болды, нені айта алмай кетті – соның бәрін айтып береді. Бұл жөнінде айтсам ел не дейді деп жүргенде оған рухтар: «Біз дәлелін береміз. Түнде айнаның алдында бір өзің қалып, бізді шақыр, көрінеміз», – деп аян беріпті. Бірақ ол оны істей алмады, қорықты.

 

Сөйтіп жүргенде бірде қалта телефонына өзін суретке түсірген екен, артқы жағына адам бейнесіндегі бір тіршілік иесінің сұлбасы түсіп қалыпты. Бейне рухтардың берген дәлелі осы шығар деп ойлаған. Кейін суретті шығаруға апарғанда ондағылар да бұл жұмбақ құбылыстың сырын түсінбей, таңқалыпты.

 

Бейнеге әруақтар адам бейне­сінде көрініп: «Саған берілген қасиет санадан тыс», – деп айтыпты. Сосын ол адам емдеуді қайтадан қолға алуды ұйғарған болатын.

 

Бейнеге болжамдар да беріледі. Ол осыдан біраз жыл бұрын еліміздің келесі Президенті кім болатынын да айтқан еді.

 

Жалпы, Бейненің бойында бір тылсым қуат бар. Оның не екенін біз әзірге білмейміз. Мен тек сол жөнінде жұртқа тағы да бір айта кетуді шештім. Бұл ғаламның біз ұғына бермейтін сырлары әлі де көп қой. Қызымның бойындағы қасиетті де мен сондай жұмбақтардың бірі болар деп ойлаймын. Өз басым оған сенемін.

 

Ералхан ЖЫЛҚЫАЙДАРҰЛЫ.

Зағамбар ауылы. Төлеби ауданы.

Бейне Қаржаубаеваның байланыс

телефоны: 8-705-976-45-76.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

 

 

Пікір қалдыру

1000 символ