Хромтауда мал қырылып жатыр (ВИДЕО)

27.08.2018
Қаралды: 530

Ақтөбе облысында белгісіз дерттен ірілі-уақты мал қырылып жатыр.

 

Хромтау өңірі тұрғындарының айтуынша, кенеттен келген кесел біраз мал иесін үлкен шығынға батырған екен. Үлгергендері малы арам өлмей тұрғанда сойып, жергілікті шұжық цехына өткізіпті. Кейбірі тіпті аурудан өлген малды цехпен келісіп, сатып жатқанға да ұқсайды.

 

Бұл бейнежазбаны әлеуметтік желіге салып, «Уатсап» арқылы дабыл қағып жатқандар аз емес. Солардың бірі -- Ақтөбенің шұжығын жемеуді ескерткен жазба иесі халықты барынша сақ болуға шақыруда.

 

 

#ZAMANA.KZ

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

Пікір қалдыру

1000 символ