ҚБТУ ғимараты сатылмақшы

20.07.2018
Қаралды: 272

Елімізде жүріп жатқан жеке­шелендірудің екінші толқыны аясында Алматыда Қазақ-Британ техникалық университеті орналасқан, бұрын­ғы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің ғимараты сатылымға шығарылыпты. Оған ие болып отырған «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы көрінеді. Сауда алаңшасында белгі­ленген бастапқы баға – 11 миллиард 364 миллион 544 мың теңге. Шамамен 32 миллион доллар. Бұл, меніңше, өте арзан баға.

 

Еуропада мұндай ғимараттардың бағасы жарты миллиард доллармен жағаласып жатады. Кезінде «Қазақ КСР Мемлекеттік егемендігі туралы декларация», «Қазақ КСР Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы конституциялық заң» қабылданған тарихи ғимарат, Димекеңнің табанының ізі қалған ғимарат олигархтық ойындардың бодауында кетіп барады.

 

Бағасы мүлде төмен дейтініміз, мәселен, Дубайдағы «Prіncess Tower» ғимараты 2,17 миллиард долларға, «Тайбэй 101» бизнес орталығы 1,7 миллиард долларға, Франкфурттағы Еуропалық орталық банктің штаб-пәтері 1,57 миллиард долларға бағаланған. Лондондағы «Гайд паркте» орналасқан үлкен үйдің бір пәтері ғана 136 миллион фунтқа сатылған, ал «Рутланд Гейттегі» бір үй 300 миллион фунтқа бағаланып отыр.

 

Сонда «Жоғарғы Кеңестің» ғимараты Еуропадағы оншақты бөлмелі бір пәтердің бағасына кетпек. 

Сатып алушы кім болар екен?

 

Марат БАЙДІЛДАҰЛЫ.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

 

 

 

Пікір қалдыру

1000 символ