Облыстық прокуратурада – ауыс-түйіс

17.07.2018
Қаралды: 139

Еліміздің Бас Прокуроры Қ.Қожамжаровтың бұйрығымен Түркістан облыстық прокуратурасында бірқатар кадрлық таға­йындаулар жасалды.

 

Жаңадан құрылған Келес ауданының прокуроры қызметіне Бақыт Сейфолла тағайындалды. Бақыт Сабырханұлы Сейфолла 1977-жылы Ордабасы ауданында өмірге келген. Шымкенттегі «Мирас» университетін құқықтану мамандығы бойынша бітірген. Жаңа қызметке тағайындалғанға дейін Оңтүстік Қазақстан облысы прокуратурасы қылмыстық қудалау бас­қармасы бастығының орынбасары болып істеген.

 

Мақтаарал аудандық прокуратурасын Жұмағали Ботабеков басқаратын болды. Жұмағали Жорабекұлы Ботабеков 1977-жылы Түлкібас ауданында дүниеге келген. Оңтүстік Қазақстан аймақтық гуманитарлық университетін құқықтану мамандығы бойынша бітірген. Ол жаңа қызметке тағайындалардан бұрын Оңтүстік Қазақстан облысы прокурорының аға көмекшісі болған.

 

Жетісай ауданының прокуроры қызметіне Нұрғали Асқанбеков тағайындалды. Нұрғали Шекербекұлы Асқанбеков 1980-жылы Шымкент қаласында туған. Қазақ Мемлекеттік заң академиясын құқықтану мамандығы бойынша бітірген. Жаңа қызметке тағайындал­ғанға дейін Мақтаарал ауданының прокуроры болып келді.

 

Созақ ауданының прокуроры лауазымын Айтболат Досаев атқаратын болды. Айтболат Тайырхан­ұлы Досаев 1982-жылы Мақтаарал ауданында өмірге келген. Қазақ гуманитарлық заң университетін құ­қықтану мамандығы бо­йынша бітірген. Соңғы қыз­меті – Сарыағаш ауданы прокурорының орынбасары.

 

 

Түркістан облысы прокуратурасының

баспасөз қызметі.

Н. ӘБДІ.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

Пікір қалдыру

1000 символ