Жаңадан құрылған басқарма басшылары тағайындалды

18.07.2018
Қаралды: 410

Шымкентте жаңадан құрылған басқарма басшылары тағайындалды.

 

 

Шымкент қалалық жер қатынастары және жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасын басқару Жәнібек Ағыбаевқа жүктелді. Ол бұрын Сарыағаш ауданы әкімінің орынбасары болған.

 

Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасын Нұрлан Аманқұлов бас­қаратын болды. Ол бұған дейін Қостанай облысында аудан әкімі қызметін атқарған.

 

Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы қызметіне Берік Дүйсенов тағайындалды. Б.Дүйсенов  мұның алдында Түркістан облысы сәулет-құрылыс бақылау басқармасы басшысының орынбасары болған.

 

Білім басқармасын Ақерке Абылайхан басқаратын болды. А.Абылайхан осыған дейін Шымкент қаласы әкімінің кеңесшісі болып келген.

 

Ауыл шаруашылығы және ветеринариялық бақылау басқармасының басшысы қызметіне Асқар Қаныбеков тағайындалды. А.Қаныбеков бұған дейін мәдениет және спорт министрлігінде департамент директорының орынбасары болған.

 

Отбасы, балалар және жастар ісі жөніндегі басқарманың басшысы қызметін атқару Жандос Қалтаевқа жүктелді. Ол бұған дейін «Нұр Отан» партиясы орталық аппаратында жауапты қызмет атқарған.

 

Қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы болып Әлібек Нұртаев таға­йындалды. Ол 2013 жылдың мамыр айынан бері осы сала бойынша облыстық басқарманы басқар­ған еді.

 

Сондай-ақ Шымкент қаласы әкімі аппарат басшысының екі орынбасары тағайындалды. Бұл қызметтерді Гүлнұр Асылбекова мен Шалқар Мырзатаев атқаратын болды.

 

Н. ӘБДІ.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

Пікір қалдыру

1000 символ