Мекемелер Түркістанға жайғасып жатыр

18.07.2018
Қаралды: 303

Шымкенттегі Түркістан облысына қарасты мемлекеттік мекемелер біртіндеп көшіп жатыр. Кешегі аптада облыс әкімі Ж.Түймебаев Түр­кістанға барып, осы көші-қонның барысын тексеріп қайтты.

 

Түркістанға 27 атқарушы орган көшіріледі, қызметкерлер саны – 1203 адам. Бүгінде бірқатар басқармалар арнайы дайындалған ғимаратқа көшіп барып, орналасып жатыр, толыққанды жұмыстарын бастап та кетті.

 

Түркістанға көшірілген мекеме қызметкерлерінің жалға алынған кеңсеге, пәтерге төлейтін ақысы, қызметкерлерге берілетін үстеме ақы, ғимараттарды жөндеуге кететін ақша Үкіметтің резервінен бөлінеді. Баспана қажет ететін 700-ден аса қызметкерге жатақханалардан орын берілмек.

 

Жалпы, Түркістанға көшіп барған қызметкерлердің еңбек ақысына 20 пайыз үстеме қосылады, еңбек демалысына қосымша 7 күн экологиялық сауықтыру демалысы беріледі, сауықтыруға 1 айлық көрсеткіш көлемінде материалдық көмек көрсетілетін болады.

 

Н. ӘБДІ.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

Пікір қалдыру

1000 символ