Қайрат Нүкенов – облыс әкімінің бірінші орынбасары

17.07.2018
Қаралды: 272

Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары тағайындалды. Бұл қызметті осыған дейін Павлодар облысындағы Екібастұз қаласының әкімі болып келген Қайрат Нүкенов атқаратын болды.

 

 

Қайрат Теміршотұлы Нүкенов 1970-жылы Павлодар облысында өмірге келген. Ресейдің Омбы қаласындағы Сібір Мемлекеттік автожол академиясын, Столыпин атындағы аграрлық университетін бітірген. Павлодар облысындағы Железин ауданын, Павлодар облысы кәсіпкерлік және сауда басқармасын басқарған, облыстағы Ақсу ауданының әкімі болған. 2016-жылдың сәуір айынан бері Екібастұз қаласының әкімі қызметін атқарып келді.

 

Н. ӘБДІ.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

 

Пікір қалдыру

1000 символ