7 балдық зілзала толқыны 163 мәрте қайта соқты

15.07.2018
Қаралды: 114

Индонезияның Ломбок аралында қуаты 7 балды қамтыған қуатты жер сілкінісі орын алды. Онда көптеген ғимараттар, көпірлер, жолдар қирады. Қирандылардың астында 100-ге жуық адам қаза тапты, 200-ден аса адам түрлі дене жарақаттарын алды. Ресми билік зардап шек­кендердің саны арта түсуі мүмкін екенін айтып отыр. Себебі көптеген қиранды ғимараттарға әзірге жақындау, құтқару жұмыстарын жүргізу мүмкін болмай тұр. Аралдан жүздеген адамдар қауіпсіз жерге көшірілуде.

 

 

7 балдық зілзала болған соң оның афтершоктары (қайтымы) 160 мәртеден аса қайта соққан. Сондықтан Ломбоктағы жұрт қазір үлкен үрей үстінде. Ол жерден  3 мыңға жуық туристер басқа аумаққа көші­рілген.

 

Т. ТҰРАН.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

 

 

 

Пікір қалдыру

1000 символ