Жастар неге қатыгез болып бара жатыр?

14.07.2018
Қаралды: 215

Бір топ қазақ жігітінің бір жігітті (ол да қазақ) аямай тепкілеп жатқанын видеоға түсіріп алыпты. Бүйрек-ба­уырынан түк қалмаған ана байғұс жерде ойбайлап, одан да өлтіріп тастаңдаршы деп аласұрып жатыр. Оған тағы етпетіңнен жат деп қояды.

 

Осыны өткізе бере тағы бір видеоны көрдім. Шешендер Будановты өлтірген Юсуп Темерхановтың (түрмеде өлген) қазасын бүкіл халық болып аза тұтып жатыр екен. Темерханов деген – Будановты өлтіріп, халқы үшін кек қайтарған шешен жігіті. Кеше түрмеде қайтыс болыпты.

 

Осы екі видеоны көрдім де, салыстырып, қазақ жастарының соншалықты төмен түсіп кеткеніне, бірін-бірі аямайтын аярлыққа барып жат­қанына жаман ішім ашыды. Не деген қатыгездік!

 

Жолымбет МӘКІШ.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

 

 

Пікір қалдыру

1000 символ