Қаржы полициясында – ауыс-түйістер

13.07.2018
Қаралды: 116

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросында бірқатар кадрлық алмастырулар (ротация) жасалды.

 

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының Шымкентте жаңадан құрылған қалалық департаментінің басшысы болып бұған дейін аталған бюроның Жамбыл облыстық департаментін басқарған Мұрат Қарымсақов тағайындалды.

 

Ұлттық бюроның Түркістан облысы бойынша департаментін Нұрлан Қамбатыров басқаратын болды. Ол бұған дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментін басқарған.

 

Сондай-ақ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының Алматы қалалық және Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстық департаменттерінің бастықтары да тағайындалды.

 

Ұлттық бюроның Атырау облысындағы департаментін Нығметжан Сапаров басқаратын болды. Ол бұған дейін Қаржы полициясының Солтүстік Қазақстан облыстық департаментін басқарған.

 

Ұлттық бюроның Жамбыл облысындағы департаментіне Әділхан Әшірбаев бастық болып тағайындалды. Ә.Әшірбаев мұның алдында Ұлттық бюроның Қызылорда облыстық депар­таментін басқарған.

 

Қарағанды облысы бойынша департамент бастығы болып Денис Шәкенов тағайындалды. Ол осының алдында Қаржы полициясының Павлодар облыстық департаментін басқарған.

 

Қостанай облыстық департаментінің бастығы қызметіне бұған дейін Шығыс Қазақстан облыс­тық департаментінің бастығы болған Сергей Потанин тағайындалды.

 

Маңғыстау облыстық департаментінің бастығы қызметіне Елдос Сағиев тағайындалды. Ол бұған дейін Ұлттық бюроның Қостанай облыстық департаментін басқарған.

 

Павлодар облыстық департаментінің бастығы қызметіне осыған дейін Алматы қалалық департаментін басқарған Ержан Ибрагимов тағайындалды.

 

Ұлттық бюроның Солтүстік Қазақстан облыс­тық департаментін Құрмаш Сейітбеков басқаратын болды. Ол бұған дейін Атырау облыс­тық департаментін басқарған.

 

Н. ӘБДІ.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

 

 

Пікір қалдыру

1000 символ