Аптап ыстықтан су уланып жатыр

13.07.2018
Қаралды: 117

Бүгінде Еуропаның бірқатар елдерін аптап ыстық қатты әбіржітіп жатыр. Әсіресе орман өрттері жиі орын алуда.

 

Италияның бірқатар аумақтарында ауа температурасы 40 градусқа жуықтап тұр. Ауа райын болжаушылар ыстықтың беті таяу арада қайтпайды дегенді айтуда. Жұрттың көбі салқындау үшін су көздерін жағалап жүр.

 

Испанияда да күн қызып тұр. Осындағы Бадихос қаласында 44 градус ыстық болды. Мұндай аптап ыстықтар Португалияны, Францияны, Ұлыбританияны да әбіржітуде.

 

Германияда да күн ыстық. Мұнда көпшілік жиналатын орындарды сал­қындату үшін тонналаған мұз жеткізілуде. Әсіресе шаруаларға қиын болды. Көп жерлерде топырақ құрғап кетіп, егін нашар шыққан, түсімі бірнеше есеге дейін төмендеп кеткен.

 

Мұндай аптап ыстықтың суға да кері әсері көп екен. Яғни кейбір ашық су көздерінде құрамынан улы заттар бөлетін өсімдіктер қаулап өсуде. Сондықтан да құтқарушылар суға түсуші жұртты осындай қатерден сақтандырып жатыр.

 

Т. ТҰРАН.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

Пікір қалдыру

1000 символ