Өңірімізге идеология саласының мықты маманы ретінде танылған азамат Бахадыр Нарымбетов жаңа қызметке кірісті. Ол «Нұр Отан» партиясы Шымкент қалалық филиалы Саяси кеңесі бюросының ұсынуымен, партия төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаевтың бұйрығымен «Нұр Отан» партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды.
Бахадыр Мәдәліұлы Нарымбетов 1972-жылы өмірге келген. Қазақ Ұлттық университетін саясаттану оқытушысы мамандығы бойынша бітірген. Ол кезінде Сарыағаш қаласы әкімдігінде, Оңтүстік Қазақстан облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасында, ішкі саясат департаментінде, Президент Әкімшілігінің ішкі саясат басқармасында жауапты қызметтер атқарған. 2006 – 2008-жылдары Оңтүстік Қазақстан облыстық ішкі саясат басқармасын, кейін Президенттің Баспасөз қызметінде ұйымдастыру секторын басқарды, Әділет министрлігінің дін істері жөніндегі комитеті төрағасының орынбасары, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары болды. 2016-жылдың сәуір айынан бері «Азиялық газ құбыры» серіктестігі Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалының директоры болып келді.
Н. ӘБДІ.
Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!