Ішкі істер министрі Қ.Қасымовтың бұйрығымен Түркістан облыстық ішкі істер департаментінде бірқатар кадрлық тағайындаулар орын алды. Атап айтқанда:
Түркістан облыстық ішкі істер департаменті қылмыстық полиция басқармасының бастығы қызметіне полиция майоры Құрманбек Сахов тағайындалды.
Түркістан облыстық ішкі істер департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасын полиция подполковнигі Ғалымжан Қуашбаев (суретте) басқаратын болды.
Ал Түркістан облыстық ішкі істер департаменті экстремизмге қарсы іс-қимыл жөніндегі басқармасының бастығы қызметіне полиция полковнигі Сәкен Қожамұратов тағайындалды.
Н. ӘБДІ.
Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!