Бас Прокурор Қ.Қожамжаровтың бұйрығымен прокуратура саласында бірқатар тағайындаулар жасалды.
Еліміздің бас көлік прокуроры міндетін атқару Мақсат Дүйсеновке жүктелді. Ол бұған дейін Ішкі істер министрлігі мен Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің түрлі құрылымдарында лауазымды қызметтер істеген.
Шымкент қаласының прокуроры болып Мақсат Қожабаев тағайындалды. Ол бұған дейін Жамбыл облысы прокурорының бірінші орынбасары болып келген.
Түркістан облысының прокуратурасын 2017-жылдың тамыз айынан бері Оңтүстік Қазақстан облысының прокуроры қызметін атқарып келген Нұрғалым Әбдіров басқаратын болды.
Маңғыстау облысының прокуроры қызметіне Ерлан Абаев тағайындалды. Ол кезінде Павлодар облыстық, Астана қалалық прокуратураларында лауазымды қызметтер атқарған, Бас Прокуратураның департаментін басқарған. Е.Абаев өткен шілде айынан бері Маңғыстау облысы прокурорының міндетін уақытша атқарып келген еді.
Н. ӘБДІ.
Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!