Адам кәсіби дертке қалай ұшырайды?

08.07.2018
Қаралды: 47

Өндірістегі ауыр жұ­мыс­тарды механизациялау мен автоматизациялау өнімділікті жоғарылатып, жұмысшы қолын жеңіл­де­тумен қатар оны қауіпсіз­дендіретіні белгілі.

 

Алайда өндірістегі адамдар өзінің атқаратын қызметіне қарай зиянды және қауіпті әсерлермен ұшырасады. Олар ағзаның жедел бұзылуына, өліміне әкеліп соқтырса, зиянды факторлар жұмысқа қа­білет­­тілікке теріс әсерін тигізіп, кәсіби аурудың пайда болуына тікелей әсер етеді.

 

Бұл зиянды және қауіпті әсерлер қысқаша төмендегідей түрлерге бөлінеді:

 

1. Өндірістік физикалық факторлар: жоғарғы, төменгі температура, жоғарғы ылғалдылық, жұмыс орнының ауа алмасуы; инфрақызыл, ультракүлгін, лазерлік, ионизациялық сәулелерінің, электро­магниттік өрістің жоғары деңгейі; жұмыс орнының жоғарғы деңгейдегі түрлі шаңдармен, газдармен ластануы; шу, діріл, ультра, инфрадыбыс деңгейінің жоғары болуы; жарықтың жеткіліксіздігі; жоғары және төменгі атмосфералық қысым.

 

2. Өндірістік химиялық  факторлар: газдар, булар, түрлі сұйықтар, аэрозольдер;

 

3. Өндірістік биологиялық  фак­торлар: микро, макроорганизмдер, жұқпалы, инвазиялық аурулар;

 

4. Өндірістік жарақаттану факторлары: химиялық препараттардың, қозғалатын машиналар мен механизмдердің жоғарғы, төменгі температуралары, электр жүйе­лерінің әсерінен болатын жарақаттар.

 

...Өндіріс орындарындағы технологиялық құралдардың ескіріп, шу деңгейінің жоғары болуы, құралдардың герметивтігі төмендеуі,  ауада зиянды қалдықтардың көбеюі, ауа алмастыру қондырғыларының дұрыс жұмыс істемеуі осындай жайларға себеп болады. Сондықтан өндірістік нысандарда кәсіби аурулардың алдын-алу үшін мынадай бірқатар шараларды орындау қажет:

 

- технологиялық құралдарды герметизациялауды жандандырып, бақылауды күшейту; өндірістік жұмыс орнындағы аспирациялық, вентилляциялық жүйелерінің тиімді жұмыс істеуін зертханалық зерттеулер жүргізе отырып бақылау жасау; шу деңгейі жоғары болған технологиялық қондырғыларға тек­серу жүргізіп, шу әсер ететін жұмыс орнының жанынан ұдайы үзіліс жасау үшін бөлме қарастыру; жұмыс орнының ауасына және физикалық факторлар деңгейіне өзіндік зертханалық бақылау жүргізу; жұмысшылардың өндіріс саласына сай берілген жеке сақтану құралдары мен арнайы киімдерді жұмыс кезеңінде пайдалануын талап етіп, бақылау жүргізу; темекі шегудің адам ағзасына зияндығы жөнінде санитарлық-ағарту жұмыстарын жүр­гізу және тағы басқа.

 

Жалпы, бұл аталған жайлардың өндірісте жұмыс істейтіндердің есінде жүргені жақсы.

 

Ольга ПЕСТОВА,

Шымкент қаласындағы Еңбекші

ауданы қоғамдық денсаулық сақтау

басқармасының  жетекші маманы.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

 

Пікір қалдыру

1000 символ