Бейсенбай Тәжібаев – Түркістан облысы ішкі саясат басқармасының басшысы

07.07.2018
Қаралды: 352

Кешегі жұма күні әріптесіміз Бейсенбай Тәжібаев Түркістан облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы болып тағайындалды.

 

 

Бейсенбай Дәулетұлы Тәжібаев 1982-жылы Оңтүстік Қазақстан облысының Бәйдібек ауданында өмірге келген. Мамандығы бо­йынша – журналист, құқықтанушы. Еңбек жолын 2002-жылы «Шымкент келбеті» – «Панорама Шымкента» газеттерінде  тілші болып бастаған. Кейін «Қазақстан» телерадиокорпорация­сының облыстық филиалында редактор болып істеді, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің баспасөз қызметіне басшылық етті, облыстық «Оңтүстік Қазақстан» газетінің директоры – бас редакторы болды. Б.Тәжібаев сондай-ақ «Айқын» газеті Астана қалалық тілшілер қосынына жетекшілік етті, «Елордалық «Астана» журналы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде бас редактор болды. 2016-жылдың күзінде Оңтүстікке оралып, сол жылдың қараша айынан бері облыс әкімі аппараты баспасөз қызметінің басшысы – баспасөз хатшысы қызметін атқарып келді.

 

Бейсенбай бауырымыздың жаңа қызметте де абырой биігінен көріне беруіне тілектестігімізді білдіреміз.

 

Т. ТҰРАН.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

 

 

Пікір қалдыру

1000 символ