Полицияға расында да реформа керек

01.07.2018
Қаралды: 278

Өкінішті! Өте өкінішті! Елді жемқорлар мен қандықол қарақшылар жайлады. Тал түсте Қазақстанды әлемге танытып жүрген ұланымыз – Денис Тен пышаққа түсіп, ажал құшты.

 

 

Халықты қорғауға тиіс полиция қыз­меткерлері қоғамдағы сенімнен айырылып, халықты тонаушыға айналған сияқты көрінеді. Олардың басым көпшілігі арнайы көлік мініп алып, табыс түсіруді көздеп, жол торуға көшкен. Белдік тақпаған, шам жақпаған көлік жүр­гізушілерін аңду, шылым шеккендермен күресуге бейімделіп, ұры-қарымен, қарақшылармен айқасуға дәрменсіз немесе сыбайлас болып алған сияқты.

 

Кімнің жемқор, кімнің ұры-қары, кімнің қарақшы екенін ел біледі. Бірақ, өкінішке орай, көндігіп кеткен. Себебі билік өкілдеріне деген сенімдерін жоғалтып алған. Өкінішті! Қоғамды осындай дәрежеге дейін ұсақтатқанымыз өкінішті!

 

Полиция саласына терең реформа жүрмей, билікке деген сенім де болмайтын шығар. Денис марқұм даңқты спортшы болған соң ғана белсенді қоғамдық пікірталас туындап, билік өкілдері ұйқысынан оянып жатыр. Күнделікті қарапайым адамдарға жасалып жатқан қылмыстар ашылмай немесе жылы жабылып жатқаны қаншама...

 

Кендебай АХАТ.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

 

 

Пікір қалдыру

1000 символ