Облыстық қаржы полициясын Ғалым Тұрсынбаев басқарады

27.06.2018
Қаралды: 352

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі агенттіктің Түркістан облысы бойынша департаментіне жаңа басшы тағайындалды. Бұл қызметті Ғалым Тұрсынбаев атқаратын болды.

 

Ғалым Сұлтанұлы Тұрсынбаев 1970-жылы Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш ауданында дүниеге келген. Қазақ химия-технологиялық институтын, Президент жанындағы Ұлттық жоғары мемлекеттік басқару мектебін және Шығыс Қазақстан Мем­лекеттік университетін бітірген. 1998-жылдан бастап Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде қызмет етіп келеді. Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша басқарма бастығының орынбасары, басқарма  бастығы, Қызыл­орда облысында Тәртіптік кеңес төрағасы, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің басқарма басшысы – Шығыс Қазақстан облысы Тәртіптік кеңесінің төрағасы, облыс әкімі аппаратының басшысы, «Нұр Отан» партиясы филиалы төрағасының орынбасары болды. Кейін Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің басқарма бастығы – Қызылорда облыстық Тәртіптік кеңесінің төрағасы болды. Осыған дейін Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары  – Тәртіптік кеңес төрағасы лауазымын атқарды.  

 

Н. ӘБДІ.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

 

 

Пікір қалдыру

1000 символ