Екі басқарманың басшысы тағайындалды

27.06.2018
Қаралды: 190

Шымкентте жаңадан  тағы да екі басқарма құрылды. Кешегі аптада бұл басқармалардың басшылары тағайындалды.

 

 

Шымкент қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бас­қармасының басшысы қызметін Қуатжан Жұматаев атқаратын болды. Қ.Жұматаев бұрын коммерциялық құрылымдарда еңбек еткен, Атырауда, Маңғыстауда қалалық жолаушылар көлігі бөлімдерінде істеген, Шымкент қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары секторында жауапты қызметтер атқарған. 2013-жылдың тамыз айынан бері Шымкент қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімін бас­қ­­арып келген.

 

Ал Шымкент қалалық құрылыс басқармасының басшысы лауазымына Әбілсейіт Рабаев тағайындалды. Оның 2009 — 2015-жылдар аралығында Оңтүстік Қазақстан облыстық  жол көлігі және автомобиль жолдары басқармасында жа­уапты қызметтер атқарғаны белгілі. Аталған басқарманың басшысы қызметінде жүргенде Бәйдібек ауданында жол салуға бөлінген 131 миллион теңге қаржыны талан-таражға салған деген күдікпен  1 жыл қамауда отырған, кейін ақталып шыққан болатын. Кейін қызметіне қайта кірісті, сосын «Тұран-құрылыс» серіктестігінде, облыстық әкімдіктің хатшылығында, «Шымкент» әлеуметтік кәсіпкерлік компаниясында жауапты қызметтер атқарды. 2017-жылдың қазан айынан бері Шымкент қалалық құрылыс бөлімін басқарып келді.

 

Н. ӘБДІ.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

 

 

Пікір қалдыру

1000 символ