Аудан әкімі қамауға алынды

27.06.2018
Қаралды: 209

Бірқатар ақпарат құралдарында Түркістан облысындағы Ордабасы ауданы әкімінің пара алды деген күдікпен қамауға алынғаны туралы жарияланды. Бұл жөнінде Мемлекеттік қызмет істері және сыйбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілдері ресми түрде мәлім етті.

 

«Мұндай факті бар. Күдік бойынша аталған шенеунікті ұстадық. Бұл жағдайға байланысты басқа мәліметтерді жариялай алмаймыз. Сотқа дейінгі тергеуге қатысты барлық ақпаратты тек прокурордың рұқсатымен мәлімдейміз»,  – деді Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Ұлттық бюросы тергеу департаменті басшысының орынбасары Асхат Жұмағали.

 

...Рашид Қайыпжановтың Ордабасы ауданын 2017-жылдың тамыз айынан бері  басқарып келгені белгілі. Ол оған дейін бірер жыл Сарыағаш ауданы әкімінің орынбасары болып қызмет атқарған. еді.

 

Н. ӘБДІ.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

 

 

Пікір қалдыру

1000 символ