Әлеуметтік қолдау көрсетіледі

27.06.2018
Қаралды: 145

Түркістан облысының әкімі Ж.Түймебаев облыс орталығының Түркістан қаласына көшірілуіне байланысты облыс әкімі аппараты мен облыстық басқармалардың қызметкерлерімен кездесті.

 

Аталған жиында Ж.Түймебаев Түркістан қаласының даму жоспарымен таныстырды, сондай-ақ оған көшіп баратын қызметкерлерге заң талаптары шеңберінде мемлекет тарапынан көрсетілетін әлеуметтік қолдау түрлері жөнінде айтып өтті.

 

Түркістан қаласына көшіп баратын мемлекеттік қызметкерлердің еңбек ақысына 20 пайыз үстеме қосылады екен. Жыл сайынғы еңбек демалысына (30 күн) қосымша экологиялық күнтізбелік 7 күн мерзімінде сауықтыру демалысы беріледі. Жыл сайын сауықтыруға арналған төлемдердің үстіне бір айлық көрсеткіш көлемінде материалдық жәрдем беріледі.

 

Қысқасы мемлекеттік қызметкер еңбек демалысы кезінде жалпы үш материалдық айлық ақы алатын болады. Бұдан басқа да бірқатар жеңілдіктер бар.

 

Н. ӘБДІ.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

 

 

Пікір қалдыру

1000 символ