Келесті – Есбаев, Жетісайды – Бейсенбаев, Мақтааралды – Асанов басқарады

20.06.2018
Қаралды: 173

Түркістан облысындағы жаңадан құрылған Келес, Жетісай және Мақтаарал аудандарының әкімдері тағайындалды.

 

Келес ауданының әкімі қызметін атқару Ақментай Есбаевқа жүктелді. Ол 1972-жылы өмірге келген, мамандығы бойынша – экономист. Еңбек жолын Сарыағаш ауданында бастаған, аудан әкімшілігінің бірқатар бөлімдеріне басшылық еткен. 2014-жылдың тамыз айынан бері Сарыағаш ауданы әкімінің орынбасары болған.

 

Ал Жетісай ауданын Жамантай Бейсенбаев басқаратын болды. Ж.Бейсенбаев 1958-жылғы, ғалым-агроном, заңгер. Мақтаарал ауданында жауапты қызметтер атқарған, Жетісай қаласының әкімі, Мақтаарал ауданы әкімінің орынбасары болған. Жаңа қызметке тағайындалғанға дейін Мақтаарал ауданының әкімі лауазымын атқарған.

 

Мақтаарал ауданының әкімі қызметіне Бақыт Асанов тағайындалды. Б.Асанов 1962-жылы дүниеге келген, инженер-құрылысшы мамандығының иегері. Ол кезінде ауыл әкімі, Жетісай қаласының әкімі болған. 2011-жылдың шілде айынан бері Мақтаарал ауданы әкімінің орынбасары болып келген.

 

Т. ТҰРАН.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

Пікір қалдыру

1000 символ