Шымкенттегі екі ауданның әкімі тағайындалды

21.06.2018
Қаралды: 188

Шымкенттегі Әл-Фараби және Қаратау  аудандарына жаңадан әкімдер тағайындалды.

 

 

Әл-Фараби ауданының әкімі қызметін Исамидин Қантураев атқаратын болды. Ол 1984-жылы дүниеге келген. Заңгер, экономист мамандықтарының иегері. Кезінде Энергетика және минералдық ресурстар минис­трлігінде, Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттікте, Президент Әкімшілігінде еңбек еткен. 2016-жылдың сәуір айынан бері Шымкенттегі Қаратау ауданы әкімінің орынбасары болып келді.

 

Ал Қаратау ауданының әкімі қызметіне Ғабит Мәуленқұлов тағайындалды. Ғ.Мәуленқұлов 1977-жылы өмірге келген. Мамандығы – заңгер. Еңбек жолын Атыраудағы Каспий экологиялық прокуратурасында бастаған, Атырау табиғатты қорғау прокуратурасында, Жоғарғы Сотта жауапты қызметтер атқарған, Шымкент қаласындағы Қаратау ауданының әкімі болған. 2018-жылдың наурыз айынан бері Шымкент қаласы әкімінің орынбасары лауазымын атқарып келген еді.

 

Н. ӘБДІ.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

 

 

Пікір қалдыру

1000 символ