Құдай саған нені лайық деп тапса – соны берді

20.06.2018
Қаралды: 262

Синтетикалық киімдер адамдарда апатия туғызады.  Ал жібек, тоқыма, мақта матадан тігілген киімдер энергияны жақсартады. Дене, тері демалады.

 

Суды таңертең көп ішу керек.  Таңертең жемістерден смузи ішкен пайдалы.  Қара шай, көк шай бүйректі құрғатады, гемоглобинді азайтады.  Ал түрлі шөптер, гүлдерден әзірленген шайды бал қосып ішу әйел организміне жақсы әсер етеді, рахатқа бөлейді.

 

Күйзеліске түскенде душтың астында тұру керек. Айқайлаңыз, көмектеседі.

 

Түні бойы адам ағзасы токсиндер шығарады. Таңертең, болмай бара жатыр дегенде сағат 9-ға дейін суға шайыну керек. Әйтпесе токсиндер қайтадан ішке кіреді.

 

Адам ұйықтағанда надандық күйге түседі. Таңертең міндетті түрде бүкіл денені жуу қажет. Өйтпеген жағдайда  көзге көрінбейтін беймәлім нәрселер  күні бойы энергияңызды сорып, дел-сал күйде жүресіз.

 

Әйел адамның сырын бөлісетін, қиналғанда ақыл-кеңес сұрайтын, қолдайтын құрбысы болғаны жақсы. Бірақ ол қызғаншақ болмауы керек. 

 

Бай болғың келсе, көбірек бер.  Ал ақылды болғың келсе, көп оқы және білгеніңмен бөліс.

 

Бұл әлем математикалық деңгейде дәлме-дәл, тұп-тура құрылған.  Сондықтан «мынау неге мұндай?», «анау неге сондай?» деп босқа ой жарыстыруға болмайды.  Салыстыруға да болмайды.  Ешнәрсені, ешкімді ешкіммен  салыстырма! Осындай ойлардан аулақ болсақ, біздің бойымызда энергия көбейеді. Қыруар қуатты босатамыз.  Жүрек тыныш болады.

 

Бәрін қалай бар, солай қабылдау керек. Үйрену керек.  Дәл қазір қайда тұрасыз? Ауылда ма, қалада ма, қышлақта ма, қырда ма?  Оны сол күйінде қабылда. Өйткені бұл – сенің өмірің! Ата-анаң қандай адамдар? Бай ма, кедей ме? Ақылды ма, санасыз ба? Ауру-сырқау ма?  Оны да сол күйі қабылда, шүкір ет. Түрің қандай? Сол түріңді, аузыңды -мұрныңдыи  солай қабылда. Тәубе де! Отбасың қандай? Күйеуің кім? Тағдырың қандай? Жалғызсың ба, жарлысың ба? Оған да мойынсұн! Өйткені бұл – сенің өмірің! Саған не лайықты, не қажет – бәрі дәл қазір қасыңда, жаныңда. Құдай саған нені лайық деп тапты, соны берді. Ал одан да жақсысына лайық болғың келсе, айналаңды сол күйінде қабылдай біл.

 

Дәл қазіргі күйің – ең ғанибет күй. Жаратушы дәл қазір берген несібе – ең мол несібе. Дәл қазір қайда отырсың, не жеп, не киіп отырсың, қарашы: осыдан артық байлық жоқ. Бәрі кең-молымен берілген. «Бұлай істесем, бұлай болар еді» деп айтпа. Өйткені сен қалай істесең де осылай болады. Тағы да қайталайын: Бұл әлем математикалық деңгейде дәлме-дәл құрылған, артық-кемі жоқ.

 

Ж. БАЙСЕМІЗОВА.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

 

Пікір қалдыру

1000 символ