Нәрсу ішіңіз, суда жүзіңіз!

19.06.2018
Қаралды: 77

Жаз – маусымның ең ұзақ, ең жайлы кезеңі. Оны демалып, тынығуға барынша пайдаланып қалған жөн. Осы орай­да керек кеңестер:

 

Жас, балғын жеміс-жидектерді көбірек жеңіз, көп қимылдаңыз. Әсіресе табиғат аясында тамақтанған жақсы. Теледидар немесе компьютер алдында тамақтануды қою керек. Табиғат аясына көршілермен шығып тұрсаңыз тіпті жақсы, ол сыйластық қатынас орнатуға, оны дамытуға қолайлы. Жұртпен жиірек араласыңыз.

 

Сулы жерлерде демалғанның ағзаға пайдасы зор. Суға қарап отырудың өзі адамның өзін еркін, жайлы сезінуіне жол ашады. Жағалауда жатыңыз, суда жүзіңіз.

 

Көбіне жаяу жүріңіз, роликті коньки, велосипедті пайдаланыңыз. Серуенге су жағасы, саялы жер жақсы.  Музыка тыңдаңыз.

 

Нәрсу (компот) ішіңіз. Ол сізге сусын, шипа әрі қуат болады.

 

Демалыста, мысалы, аспандағы бұлттарды санап, саралап жатыңыз, есеп-қисап, жұмысты ойламаңыз. Өткен мен болашақ туралы ойлап бас қатырмаңыз. Бүгінгі күнге, табиғатқа сүйсініңіз, аунап-қунаңыз.

 

Спорттың жаңа бір түрімен айналысып көріңіз. Жаңа нәрсеге қызығыңыз. Сонда сіз жаңа адамдармен танысасыз, олармен қарым-қатынас жасайсыз.

 

Бақшаға, құмыраға бірдеңе егіп көріңіз, әйтеуір қарап-қадағалап тұруыңызды қажет ететін бір нәрсемен айналысыңыз. Мысалы, бөлмеңізге құмырада пальма өсіріңіз. Ол сіздің көңіл-күйіңізді көтереді әрі ауаны тазартады.

 

С. МАҚҰЛБЕК.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

 

 

Пікір қалдыру

1000 символ