Жемісті де жөнімен жеген жақсы

18.06.2018
Қаралды: 297

Қазір жеміс-жидек молынан пісіп, ағзаны да, қамбаны да табиғи витаминмен қамтамасыз ететін уақыт. Бірақ жеміс-жидекті көңіл тарт­қан, тәбет болған кез келген шақта жей беруге болмайды екен. Ағзаға сіңімді, пайдалы әрі шипалы болуы үшін доктор Стивен Мак айтқан кеңестерге құлақ түрген жөн дер едік.

 

Стивен Мак – ұзақ жылдардан бері рак ауруының туындау себебін зерттеп жүрген жан, оны табиғи жолмен емдеу тәсілін тапқан маман. Оның дәстүрлі емес ем тәсілін қолданғаннан кейін қатерлі ісікке шалдыққан адамдардың 80 пайызы ауруынан толығымен айығып кетеді екен. «Аурудың емі – жеміс-жидекті дұрыс жеу», – дейді дәрігер. Олай болса, С.Мактің кеңесіне құлақ түрелік:

 

1. Жемісті ашқарынға жеу керек. Сонда ағза ондағы өзіне қажетті витамин мен қуатты толығымен алады. Ал астан кейін жеген жағдайда асқазандағы азық оның ішекке жетуіне тосқауыл болып, жеміс орта жолда шіріп, қышқылдана бастайды. Бұл қышқыл астың құрамындағы пайдалы элементтерді жойып жібереді. Тіпті оны зиянды массаға айналдыруы мүмкін. Асқазан мен ішекте газ түзіліп, іштің өтуі де осының себебінен орын алады.

 

2. Жеміс-жидекті дұрыс тұтынған жанның шашы түссізденіп, түсіп, көз асты қалталанып, жүйкесі жұқармайды. Егер 3 күн ас орнына тек жеміс-жидек жеп, су орнына шырынын ішетін болсаңыз, ол ағзаны тазалап, жасушаларды жаңартып, жасартады. Нәтижесі осы үш күн ішінде байқалады, көз жанарыңыз да нұрланып шыға келеді.

 

3. Үнемі жаңа сығылған жеміс шырындарын ішуді әдет еткен адамда артық салмақ болмайды, жастық қалпы ұзақ сақталады, күш-қуаты мол, аурудан азат болады. Сатылымдағы шыны ыдыс, қағаз қорапша мен қаңылтыр қалбырдағы шырындарда мұндай шипа жоқ. Қайнатылған жеміс – нәрсуда (компот) да жемістердің пайдалы қасиеттері жойылатынын ұмытпаңыз.  Сондықтан тек жаңа сығылған шырынын ғана ішу керек. Бірақ оны асықпай, сілекеймен араласуына мұрсат бере отырып жұту керек.

 

4. Астан кейін су немесе сусын (әсіресе газды сусын) ішкен адамда рак клеткалары көбейеді. Әрине, ыстық астан кейін салқын су сіміріп алсаңыз жаныңыз рахаттанып сала беретіні анық. Бірақ ол сіз жаңа ғана жеген ас құрамындағы майды тоңазытып, ас қорытуды тежейді. Содан ас асқазанда ашиды, одан бөлінген қышқыл ішектерге сіңіп, зиянды май бөлшектеріне айналады. Ал ол –  қатерлі ісік клеткаларының өсіп-өнуіне, өршуіне апаратын төте жол!

 

5. Ас дұрыс сіңуі үшін тамақтан 20 минут бұрын дене температурасындағы 1 стакан су ішіп алыңыз. Немесе тамақтанып болған соң ыстық сорпа немесе жылы су ішкен дұрыс.

 

...Ағза үшін қай жеміс пайдалы? Әрине, дәріленбеген, табиғи таза аумақта өскен барлық жеміс-жидек пайдалы. Стивен Мак соның ішінде мынаған ерекше тоқталыпты:

 

Киви. Кішкентай болса да ағзаға беретін қуаты мол: калий, магний, жасұнық пен С және Е витаминінің қайнар көзі.

 

Алма. Тәулігіне бір дана алма жеп жүрген адамның аурухана мен дәрігерге күні түспейді. Антиоксиданттар мен флавоноидтарға бай болғандықтан С витаминінің белсенділігін арттырады. Ал ол тоқ ішек қатерлі ісігінен, жүрек ұстамасы мен инсульт қатерінен сақтайды.

 

Құлпынай. Ағзаны қатерлі ісік ауруларынан сақтаушы күшке ие, қан тамырларын қақ тұруынан сақтайды, қартаюға себеп болатын еркін радикалдарды жояды.

 

Апельсин. Күніне 2-4 данасын жеп тұрсаңыз қандағы холестерин мөлшерін реттейді, бүйректе тас түзілуінен сақтайды, тоқ ішек қатерлі ісігінің алдын алады.

 

Қарбыз. 92 пайыз судан тұратын ол иммунитетті нығайтатын глутатионға бай. Онда рак клеткаларын жоя­тын ликопин мол.

 

Ж. ҚАСЫМ.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

 

 

Пікір қалдыру

1000 символ