Монғолияда үлгі алатын нәрсе мол

19.06.2018
Қаралды: 217

Газетіміздің өткен нөмірінде «Бізде тәртіп бұзғандарды «Жалғап лаңғадаға» салады» деген тақырыпта мақала жарияланғаны белгілі. Онда Майра Тоқталқызы есімді монғолиялық қандасымыздың бұл елдің мек­тептеріндегі тәртіпке қатысты айт­қандары берілген болатын. Негізінен алғанда  Монғолия елінде қай салада болмасын  үлгі алатын нәрселер аз емес сияқты. Мысалы, белгілі кәсіпкер Марғұлан Сейсембай таяуда өзінің әлеуметтік желідегі жеке парақ­шасында мынадай жазба жариялады:

 

Монғолия жөнінде маңызды ақпарат

 

1. Полиция қыз­мет­керлері аз, олар мүлдем көрінбейді де. Көрген полицейлеріміз жылы шырай танытып, қонақжай екенін көрсетіп тұрады.

 

2. Табиғат аясында  шұңқыр қазып, әжетxана салуға тыйым салынған. Тек қана биоәжетxана са­луы міндет. Әжет­xана тазалау қызметін арнайы мемлекеттік компания көрсетеді.

 

3. Көлде шомылғанда шампунь, сабын және тағы басқа да xимиялық тазалау сабындарын қолдануға болмайды.

 

4. Көл жағалары таза. Соған қарағанда олар тазалық жұмыстарын жиі жүргізетін сияқты немесе табиғат аясын ластамайтын сияқты.

 

5. Жергілікті xалықты жұмыспен қамтамасыз ету үшін Жапония Монғолияға төмен пайызды көпжылдық несие береді екен. Осы бағдарлама бойынша жапондар жергілікті xалықты әкетіп, жүн тоқу теxнологиясы мен әдістеріне үйретіп, оларға қажетті тоқу құрал-жабдықтарын несиеге береді. Соның есебінен Монғолияда қазір түйе, ешкі жүнінен тоқылатын өнімдер көп болып, ол тіпті Монғолияның бір үлкен экспорт тауарына айналды.

 

6. Ұлттық саябақтар да тура сол бағдарламадағыдай жергілікті xалықты қалаға апарып, жаңа туризм саласының мамандығына оқытып, оларды ұлттық парк ішіндегі туризм саласына жұмысқа орналастыруда. Мысалы, біздің қонған жеріміздің жанында қайық тұрағын салып, моторлы қайықтарды алып жергілікті xалыққа жалға беретінін көрдік. Олар енді туристерді қыдыртып, Ұлттық паркке жалға алу ақысын төлеп, өздерінің күнін көріп жүр.

 

7. Монғолия да біз сияқты жол салуға Қытайдан кредит алған. Бірақ бұлар сол жолды қытайлықтардың өзіне салдырып жатыр. Өздері жолдың сапасын ғана қатаң түрде қадағалайды. Сол себепті жергілікті шенеуніктер қытай компанияларынан «откат» (пара) ала алмайды. Олар кредитті ақшалай емес, сапалы жол ретінде алып жатыр. Ал біздікілер кредитті ақшалай алып, өздері тендер өткізіп, одан талай-талай пара алып, нәтижесінде елімізде не дұрыс жол жоқ, не дұрыс компаниялар пайда болмайды, оның үстіне Қытайға қарызға батпандап кіріп жатыр.

 

8. Біз ол жақтағы жолдардың бәрінде қаптаған гибридтік «Тоіоtа Prіus» көліктерін көрдік, 65-70 пайызға дейін. Жолдың барлық түрінде жүр. Тас жолда да, адам бармайтын тау арасында да. Оның себебі – үкіметтің кеден мен салық саясаты жайлы.

 

Ал бізде ше? Былтырғы жылдан бастап бізде электр көліктеріне кеден салығы енгізіліпті. Электр көлігін алған адамға субсидия берудің орнына біздің ақымақтар керісінше жасайды. 

 

9. Әр ауылда интернет, 3G, LTE.

 

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

Пікір қалдыру

1000 символ