Әлібек Тілегенов – мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы

16.06.2018
Қаралды: 64

Қаржы министрінің бұйрығымен Әлібек Тілегенов Түркістан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы қызметіне тағайындалды.

 

 

Әлібек Балықбайұлы Тілегенов 1961-жылы Оңтүстік Қазақстан облысында өмірге келген. Қазақ Ауыл шаруашылығы институтын, Президент жанындағы мемлекеттік басқарудың ұлттық жоғары мектебін, Қызылорда Мемлекеттік университетін бітірген. Еңбек жолын ауыл шаруашылығында экономист болып бастаған. Кейін Тараз қаласы мен Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда облыстарының және Шымкент қаласының салық органдарында жауапты қызметтер атқарған. 2014-жылдың қараша айынан бері Маңғыстау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы болып келді.

 

Ал Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша мем­лекеттік кірістер департаментін 2014-жылдан бері басқарған Алтынсары Үмбетәлиевтің таяуда қызметінен өз еркімен  кеткені белгілі.

 

Д. НҰРПЕЙІС.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

Пікір қалдыру

1000 символ