Жанарбек Әшімжан – «Ана тілі» газетінің бас редакторы

13.06.2018
Қаралды: 157

2009-жылдың наурыз айынан бері «Ана тілі» газетінің бас редакторы болып келген қаламгер Самат Ибраим зейнеткерлік демалысқа шықты. Ұлт газетінің бас редакторы қызметіне «Дарын» жастар сыйлығының иегері, журналист, ақын, публицист Жанарбек Әшімжан тағайындалды.

 

Жанарбек Әшімжан 1976-жылы Алматы облысының Кеген ауданындағы Жалаңаш ауылында өмірге келген. Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген.

 

Ол «Алматы ақшамы» газетінде, «Қазақстан» журналында, «Жас Алаш», «Жас қазақ» газеттерінде жауапты қызметтер атқарған. 2008-жылдан бері Жазушылар одағының бірнеше газет-журналдарды біріктіретін «Қаламгер Медиа» орталығының директоры қызметін атқарып келген болатын. Осы қызмет аясында «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы міндетін қоса атқарған еді.

 

...Әріптестеріміздің абырой биігінен көріне беруіне тілектестік білдіреміз.

 

Д. НҰРПЕЙІС.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

Пікір қалдыру

1000 символ