Жерді сырттан келушілерге сақтап отырған сияқты

10.06.2018
Қаралды: 94

Жердің бәрін сырттан жұтынып келу­шілер үшін деп сақтап отырған болып жүр­месін құдай ұрып.

 

Пәтерге кезекке тұрғызбайды, өйткені өкіметтің адамы емеспіз. Аулақ жүр, банкке бар-дағы, бес-он жыл ақша жиып, ипотекаға ал, біз тек қана өкіметтің адамдарын кезекке аламыз дейді. Не қызметтік, не жалға деген пәтерге сырттан адам жолатпайды екен. Не деген ақымақ­кершілік деймін да. 

 

Ал енді жерді айтсайшы. Оған кезекке тұрғаныма он бес пе, әлде он алты-он жеті ме, неше жыл өткенінен жаңылып та кеттім. Жарайды, Шымкенттен бұйырмаса, Қазығұрттан, ба, Сары­ағаштан ба, Ленгірден бе, Те­мірланнан ба алайын десең ол жақтың да жер кезегінде мыңдаған адам тұр. Кезек ешқашан жылжымайды. Ара-арасында пара жүгіртіп алып жатқандар бар да шығар, кім біліпті сайтанды.

 

Неге мен өзіме тиесілі алақандай жерді жеке қолдан пәленбай миллионға сатып алуым керек? Бұл күлкілі ғой. Өкіметтің ісінің қиюы кеткенінің бір көрінісі осы. Пәлен күн, түген күн деп той тойлап, ыржалақтағанда алдымызға жан салмаймыз, ал мен сияқты миллиондаған азаматтың жай-күйін кім ойлайды?

 

Рас, бала-шаға өсіріп, оқытып, шама келгенше үй-жайлы етіп жатырмыз. Бірақ оған өкіметтің титтей де қатысы жоқ. Сонда бұл не болғаны? Біздің қамқор өкіметіміз қайда, жоқ қой ешбір. Бай боламыз, кедей елдердің бәрін басып-оздық, енді құдай боламыз деп көкірек соққан өкіметке не деуге болады? Өңкей маймылға айналған жағымпаздар мен қулық-сұмдықтың, әсіресе парақорлықтың өнерін үйренгендерге жағдай жасайтын өкімет болғанымыз ба айналып келгенде? Өте күлкілі ақымақкершілік қой бұл! 

 

Таршылық көргеннен емес, әлеуметтік проблема болғасын жазып отырмын мұны. Миллиондаған адам ертең зейнеткерлікке басында не баспанасы, не жері болмай шығуы мүмкін.

 

С. АЛДАН.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

 

 

 

Пікір қалдыру

1000 символ