Төлеби ауданын Бауыржан Омарбеков басқарады

06.06.2018
Қаралды: 65

Түркістан облысының әкімі Ж.Түй­мебаевтың өкімімен Ба­уыржан Омарбеков Төлеби ауданының әкімі болып тағайындалды.

 

 

Бауыржан Бақытұлы Омарбеков 1983-жылы өмірге келген. Жо­ғары білімді экономист. Еңбек жолын «Қазкоммерцбанк» акцио­нерлік қоғамының Шымкент қалалық филиалында менеджер болып бастаған. «Тұран Әлем Бан­кінің» Оңтүстік Қазақстан филиалында, «БТА Банктің» Шымкент филиалында, «Альянс банкте» жауапты қызметтер атқарған. 2013 – 2016-жылдар аралығында «Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы» серіктестігінің директоры, Оңтүстік Қазақстан облыстық кәсіп­керлік, индустриалдық-инновациялық даму және туризм бас­қармасы басшысының орынбасары, басқарма басшысы, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің кеңесшісі – әкімдіктің Астана қаласындағы өкілі болған. 2016-жылдың шілде айынан бері Ордабасы ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарып келді.

 

Р. ҚЫДЫР.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

Пікір қалдыру

1000 символ