Шымкент қаласы әкімдігінде – ауыс-түйіс

06.06.2018
Қаралды: 308

Шымкент қаласының әкімдігінде бірқатар кадрлық тағайындаулар орын алды.

 

«Мемлекеттік қызмет туралы» Заңға және Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Қазақстан Республикасындағы әкімшілік-аумақтық құрылым жөніндегі мәселелер туралы» Жарлығына сәйкес, Шымкент қаласының әкімі Ғ.Әбдірахымовтың шешімімен Қайрат Нұртай қала әкімінің бірінші орынбасары қызметіне тағайындалды. Ол осыған дейін бірнеше жыл қала әкімінің орынбасары қызметін атқарған.

 

Қала әкімінің жаңадан тағайындалған орынбасарларының да есімдері белгілі болды. Әкім орынбасары қызметіне Нұрсадық Ергешбек, Данат Жумин, Бауыржан Мұраталиев және Гүлжан Құрманбекова тағайындалды.

 

Н.Ергешбек бұрын Шымкенттегі «Қуатжылуорталық» мекемесінің директоры, Д.Жумин Астанада «Нұр Отан» партиясы саяси жұмыстар департаментінің директоры болған, Б.Мұрат­алиев кәсіпкерлік саласында еңбек еткен, ал Г.Құрманбекова 2012-жылдан бері қала әкімінің қаржы мәселелері жөніндегі орынбасары лауазымын атқарып келген.

 

Сондай-ақ Шымкент қаласы әкімінің аппарат басшысы да ауысты. Бұл қызметті Еркеғали Әлімқұлов атқаратын болды.

 

Р. ҚЫДЫР.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

Пікір қалдыру

1000 символ