ҚМДБ-ның Түркістан облысындағы өкіл-имамы тағайындалды

06.06.2018
Қаралды: 415

Облыс орталығы – Түркістан қаласында Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының тұрақты өкілдігі ашылды. ҚМДБ төралқасының және ғұламалар кеңесінің шешімімен өкіл-имам қызметіне осыған дейін Бас мүфтидің бірінші орынбасары – Астанадағы «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы болып келген Наурызбай қажы Таған­ұлы тағайындалды. Ол Түркістан облысының бас имамы міндетін қоса атқаратын болады.

 

Наурызбай Тағанұлы Өтепов 1977-жылы дүние­ге келген. Ташкенттегі және ҚМДБ жанындағы Ислам институттарын бітірген, Мысыр елінде оқыған. Ол сондай-ақ Абай атындағы Қазақ Мемлекеттік университетінің тарих факультетін тәмамдаған, осында «Дінтану» мамандығы бо­йынша магистратура бітірген. Еңбек жолын Оң­түстік Қазақстан облысының Түлкібас ауданындағы мешітте бастаған, кейін Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарында, Алматы, Астана қалаларындағы бірқатар діни мекемелерде жауапты қызметтер атқарған. 2017-жылдың желтоқсан айынан бері Бас мүфтидің орынбасары – Елордадағы «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы болып келді.

 

...Ал биылғы қаңтар айынан бері ҚМДБ Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша өкіл-имамы – облыстық орталық мешіттің бас имамы болып келген Бақтыбай қажы Бейсенбайұлы енді ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша өкіл-имамы – қаладағы орталық мешіттің бас имамы қызметін атқаратын болды.

 

Р. ҚЫДЫР.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

Пікір қалдыру

1000 символ