Министрліктің бұрынғы жауапты хатшысы қамалды

30.06.2018
Қаралды: 163

Сыртқы істер министрлігінің бұрын­ғы жауапты хатшысы Анарбек Қарашев жемқорлық қылмысқа қатысы бар деген күдікпен қамауға алынды. Бұл жөнінде Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мәлім етті.

 

 

Жарияланған мәліметте А.Қара­шевтің Сыртқы істер министрлігіне қарасты мекемелердің Нұрекенов, Сәкенова және Жұмасанова есімді қызметкерлерінің заңға қайшы әре­кеттерін бүркемемелегені туралы айтылады. Ол осы қызметі үшін жүйелі түрде 10 миллион теңгеден аса пара алған көрінеді.

 

Ал жоғарыда аты аталған қызметкерлер болса, қылмыстық тізбек құру арқылы кәсіпкерлерден 20 миллион теңгеден астам пара алған екен. Пара министрлікке көрсетілетін қызметтер бойынша түзілетін келісім-шарттар мен олардың кедергісіз қабылданатыны үшін алынып отырған.

 

Аталған оқиға бойынша 6 адамның үстінен қылмыстық іс қозғал­ған. Қарашев пен Нұрекенов қамауға алынған, басқаларына да түрлі дәрежеде бұлтартпау шаралары қолданылған.

 

Т. ТҰРАН.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

Пікір қалдыру

1000 символ