Бас штабтың генералына үкім шықты

30.06.2018
Қаралды: 147

Қазақстан Қарулы Күштері Бас штабының жауынгерлік даярлық департаментінің бастығы, генерал-майор Тимур Әбішевке қатысты сот үкімі шықты. Оған алаяқтық жасаған және пара алған деген айыптар тағылды.

 

 

Әбішев өзі басқаратын департамент  мемлекеттік тапсырыс беруші ретінде қызмет ұсынушы коммерция­лық компаниялармен келісім жасайтындықтан осы мүмкіндікті пайдаланып қалмақ болыпты. Яғни ол  бұл компанияларға 2016 – 2017-жылдарға мемлекеттік тапсырысты ұтып алуына көмектесетіні үшін 10 мың доллар «откат» сұраған.

 

Сот материалдарында оның атал­ған сомадағы параны үш мәрте бөліп алып (дәмханада, аялдама жанында және өрт сөндіру меке­месінің төңірегінде), өзінің жеке қажеттіліктеріне жұмсағаны туралы айтылады. Сот оның бұл ісін алаяқ­тық қылмыс деп дәрежелеген. Сондай-ақ бірнеше мәрте пара алған деп айыптап отыр.

 

Т. ТҰРАН.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ